Орысша пернетақтада терілген сөйлем…

Matin — қазақша жазатын адамның жұмыс үстелі: мәтін жазасыз, қатесін түзейсіз, ресми құжат дайындайсыз. Matin ұсынады, шешімді сіз қабылдайсыз.

Дауыспен жазу · Жоспар мен келесі қадам · Тексеру күніне 10 000 таңбаға дейін тегін · Word файлымен жұмыс істейді

Өз мәтініңізді сынап көріңіз

Бір-екі сөйлем жазыңыз — Корректор бірден қателерді көрсетеді.

0/600

Жазу кеңістігі

Идеядан дайын мәтінге дейін — бір жерде.

Matin тек қатені түземейді. Ойыңызды айтасыз — мәтінге айналады. Coach жоспар құрып, әр кезеңде келесі қадамды көрсетеді. Соңында Корректор мен Редактор мәтінді жариялауға дайындайды. Автор — сіз.

  1. 01

    Айтыңыз не жазыңыз

    Жолда, көлікте — микрофонды басып сөйлей беріңіз. Matin сөзіңізді мәтінге айналдырып, артық сөзді алып, абзацқа бөледі.

    0:42

    Сіз айттыңыз

    «енді… бүгін, яғни, сабақта балалар өлең жаттады, бірақ, мынау, екеуі ғана толық айтып берді…»

    Реттелген мәтін

    Бүгін сабақта балалар өлең жаттады, бірақ екеуі ғана толық айтып берді.

  2. 02

    Coach құрылым береді

    Негізгі ойды нақтылайды, жоспар құрады, әр бөлімнің мақсатын айтады. Әлсіз жерді белгілесеңіз, не жетіспейтінін айтып, сұрақ қояды. Ғылыми жұмысты сіздің орныңызға жазбайды.

    Келесі қадам

    Талдау бөліміне мысал қосыңыз

    • КіріспеНеге бұл тақырып маңызды
    • Теориялық негізҚұндылық ұғымы
    • 3Талдау: өлеңдерМысалмен дәлелдеу
    • 4ҚорытындыҒылыми жаңалық
    Не жетіспейді?НақтылаАргументті күшейту жолы
  3. 03

    Корректор мен Редактор аяқтайды

    Сол құжатта бір батырмамен: Корректор емле, тыныс белгі, грамматиканы түзейді; Редактор калька мен ауыр сөйлемді көрсетеді.

    ЖазуКорректорРедактор

    Шешім кабылданған→қабылданған, жиналыс орын алды→өтті.

    Жариялауға дайын

Ғылыми жұмыс жазатындарға

Мақала мен диссертацияның қазақстандық талабын білетін көмекші

  • Журнал талабы дайын

    ККСОН тізіміндегі 170-тен астам журналдың талабы ішінде: көлемі, аңдатпа, сілтеме стилі. Мақалаға сай журналды да ұсынады.

  • Университет нұсқаулығы

    10 университеттің диссертация нұсқаулығы: құрылымы, кіріспеге не жазылады, ресімдеуі. Ұлттық талап бәріне ортақ.

  • Әдебиеттер тізімі өзі жасалады

    APA 7, ГОСТ 7.1, Vancouver және латынша References. DOI не ISBN бойынша толтырады, мәтіндегі сілтеме өзі нөмірленеді.

  • Еңбек сіздікі болып қалады

    AI қолдану мәлімдемесі №127 ережеге сай дайын тұрады. Авторлық есеп мәтіннің қаншасын өзіңіз жазғаныңызды көрсетеді.

  • Жетекшімен бір мәтінде

    Ғылыми жетекшіге оқуға арналған сілтеме жібересіз, ол мәтіннің нақты жерін белгілеп пікір қалдырады.

  • Қайда тоқтағаныңыз есте

    Жұмыстың неше пайызы жазылғаны, неше бөлімі дайын, кеше қайда тоқтағаныңыз бір қарағанда көрінеді.

Әр жанрдың өз жұмыс реті бар

Ғылыми мақалаДиссертацияКітапӘдістемелік құралЭссеБаяндамаЕркін жазу (фрирайтинг)
Жаза бастау

Ресми құжат

Ресми құжат қазақша — бірнеше секундта.

Өтініш, хат, түсініктеме: құжат түрін таңдап, негізгі деректерді жазасыз. Matin ресми үлгідегі жобасын дайындайды, сіз тексеріп, бекітесіз.

Сіз жазасыз · Өтініш

Кімге
«Сәулет» ЖШС директоры А.Б. Серікбаевқа
Кімнен
менеджер Д.С. Ахметовтен
Не сұрайсыз?
прошу предоставить отпуск без сохранения заработной платы с 20 по 24 октября
Себебі
семейные обстоятельства, свадьба брата в Шымкенте

«Сәулет» ЖШС директоры А.Б. Серікбаевқа

менеджер Д.С. Ахметовтен

ӨТІНІШ

Сізден отбасылық жағдайға байланысты, бауырымның Шымкенттегі үйлену тойына қатысу үшін 2026 жылғы 20–24 қазан аралығында жалақы сақталмайтын демалыс беруіңізді сұраймын.

2026 жылғы 11 қазан    ____________ (қолы)

Орысша жазсаңыз да болады

Деректерді өзіңізге ыңғайлы тілде жазыңыз. Matin ресми, табиғи қазақша құжат дайындайды.

400-ден астам дайын үлгі

Өтініш, бұйрық, мінездеме, шарт, түйіндеме — бәрін бір жерден табасыз. Қазақша не орысша атауымен іздеңіз.

Ойдан ештеңе қоспайды

Аты-жөні, күні, саны — тек сіз жазған деректер. Күмәнді тұстарын Matin көрсетеді.

Word файлы дайын

Құжат Matin редакторында ашылады: түзетесіз, тексересіз, Word не PDF форматында жүктеп аласыз.

Редактордың қаламы, бір қимылмен.

Емле, тыныс белгі, калька — бәрі бір абзацта. Төмендегі қаламды оңға жылжытыңыз: Matin белгілерді бір-бірлеп түзейді, әр өзгерісті өзіңіз көресіз.

Кеше кешке қалалық кітапханада жас ақындардың кездесуі өтті. Кездесуге келгендер көп болды бірақ зал тар екен. Ақындар өз өлеңдерін окыды , ал тыңдармандар оларға сұрақ койды. Кездесу үлкен рөл ойнады.

2 / 6 түзелді

Алдымен қатесіз, содан кейін әдемі.

Жазу, түзету және ресми құжат — бір платформада. Түзетудің екі деңгейі бар: алдымен Корректор қатені жөндейді, содан кейін Редактор мәтінді жатық етеді.

Жазу

  • Coach
  • Дауыспен жазу
  • Жоспар
  • Келесі қадам

Ойыңызды айтасыз не жазасыз — Coach оны реттейді, жоспар құрады, әлсіз жерді көрсетеді. Мәтінді сіздің орныңызға жазбайды.

айтылған ой→реттелген абзац

Түзету

  • Корректор: емле, грамматика, тыныс белгі
  • Редактор: калька, стиль

Бір мәтін, екі тексеру. Корректор емле, тыныс белгі, грамматика қатесін табады. Редактор мәтінді жатық етеді: орысшадан сөзбе-сөз аударылған тіркестерді көрсетеді.

Корректоркабылданған→қабылданған

Редакторорын алды→өтті

Ресми құжат

  • Өтініш, хат, түсініктеме
  • 400-ден астам дайын үлгі

Құжат түрін таңдап, деректерді жазасыз — орысша жазсаңыз да болады. Matin қазақша құжат дайындап береді, сіз тексеріп, Word түрінде жүктеп аласыз.

прошу отпуск→демалыс беруіңізді сұраймын

Қай жерде жазсаңыз да, қатесіз.

WhatsApp-та, поштада, Word-та — Matin қатені жазған сәтте өзі түзетеді. Бір аккаунт, бір күндік лимит.

Барлық қосымшалар

Редакторлар мен баспаларға

Кәсіби редактордың күнделікті құралдары.

Авторға Word файлын түзету белгісімен жібересіз, баспаның ережесін бір рет енгізесіз, жүз беттегі атаулардың біркелкілігін бір басумен реттейсіз.

Word — түзетулер белгісімен

Түпнұсқа мен түзетілген мәтін салыстырылып, Word-тың өз түзету белгісімен жүктеледі. Автор әр өзгерісті Word-та қабылдайды не қабылдамайды.

Жиналыс орын алды өтті. Шешім кабылданған қабылданған жоқ.

matin-tuzetuler.docx · 2 өшіру, 2 қосу

Стиль парағы

Баспаның ережелерін бір рет енгізіңіз — Корректор мен Редактор әр мәтінді солар бойынша тексереді. Жалғау сақталады.

ҚР→Қазақстан Республикасы

т.б.→тағы басқа

интернет→ғаламтор

Атаулардың біркелкілігі

Бір атау әртүрлі жазылса, Matin табады. Қалдыратын нұсқаны басасыз — қалғаны соған ауысады.

Бірге, бөлек не сызықшамен

Қасым хан×3Қасымхан×1Қасым-хан×1

Әріптері әртүрлі

МұқағалиМукагали

Пернетақтамен жылдам қарау

Тінтуірсіз: қабылдайсыз, өткізесіз, келесі ұсыныс өзі ашылады. Жүз ұсынысты бірнеше минутта қарап шығасыз.

Enter қабылдауEsc өткізу↑↓ келесіZ кері қайтару

Matin ұсынады, шешімді сіз қабылдайсыз

Шешім өзіңізде

Matin тек ұсынады, әр өзгерісті өзіңіз қабылдайсыз не өткізесіз. Тырнақша, көп нүкте сияқты ұсақ белгілерді ғана өзі түзетеді, оны да бір басумен қайтаруға болады.

Әр ұсыныс түсіндіріледі

Не қате екенін және неге олай екенін қысқаша түсіндіреміз.

Мәтініңіз сізде қалады

Мәтінді сатпаймыз және жарнамаға пайдаланбаймыз. Қалай өңделетіні — құпиялылық саясатында.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай мәтіндермен жұмыс істей аламын?

Ғылыми мақала, диссертация, кітап, әдістемелік құрал, эссе, хат, есеп, ресми құжат — кез келген қазақша мәтін.

Word файлын қоса аламын ба?

Иә. .docx файлды тікелей жүктеп, тексеріп, қайта Word немесе PDF форматында жүктеп алуға болады. Авторға жіберу үшін «Word — түзетулер белгісімен» нұсқасы бар: барлық өзгеріс Word-тың түзету белгісімен көрінеді.

Мәтіндерім құпия ма?

Біз мәтініңізді сатпаймыз және жарнамаға пайдаланбаймыз. Түзету ұсыныстарын дайындау үшін мәтіннің қажетті бөлігі ғана жасанды интеллект қызметіне беріледі. Толығырақ — құпиялылық саясатында.

Қанша мәтін тексере аламын?

Күніне 10 000 таңбаға дейін (шамамен 5 бет) толығымен тегін. Лимит түн ортасында жаңарады.

Автоматты түрде түзете ме?

Тек ұсақ белгілерді: тырнақшаны, көп нүктені, артық бос орынды. Оларды да бір басумен қайтаруға болады. Қалған әр ұсынысты өзіңіз шешесіз.

Matin мәтінді менің орныма жаза ма?

Жоқ. «Жазу» бөлімі ойыңызды реттеуге, жоспар құруға, аргументті күшейтуге көмектеседі. Автор — сіз: әр ұсынысты қабылдайсыз, өзгертесіз не бас тартасыз.

Ресми құжатты дайындай ма?

Иә. «Ресми құжат» бөлімінде құжат түрін таңдап, деректерді жазасыз. Орысша жазсаңыз да болады. Matin ресми қазақша жобасын дайындайды, үстінен бір тексеріп, Word түрінде жүктеп аласыз. Сондай-ақ 400-ден астам дайын үлгі бар.

Дауыспен жазуға бола ма?

Иә. Микрофонды басып сөйлей беріңіз — Matin сөзіңізді мәтінге айналдырып, артық сөзді алып, абзацқа бөледі. Дауыс жазбасы сақталмайды.

Келесі мәтініңізді Matin-мен жазыңыз

Тексеру күніне 10 000 таңбаға дейін тегін.